Бұл туралы «Астана» командасының бас менеджері Александр Винокуров мәлім етті.
Оның хабарлауынша, қазіргі кезде велотурдың бағыты анықталу үстінде. «Жарыс жолының жалпы ұзақтығы 30 шақырым болады. Ол әл-Фараби және Достық көшелерімен өтіп, Президенттік Саябаққа дейін жалғасады. Бүгінгі таңда біз Алматы қаласының әкімдігімен тиісті келіссөздер жүргізудеміз. Осы аптаның соңында жолдың нақты бағыты бекітіледі. Велотурға шамамен 15 кәсіби команда қатысады», — деді А.Винокуров.