Қазақстандықтарға Ресейдің «Кубань» командасында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан жеңіс әкелді. Алаң қожайындары кездесудің екінші бөлігінде ойын тәртібін бұзған болатын. Төреші белгілеген 11 метрлікте Бауыржан қарсыластар қақпашысын қапы қалдырды. Бұл есеп ойынның аяғына дейін өзгеріссіз қалды. Енді қарымта кездесу 10 қазанда Қазақстанда болады. Біздің футболшылар оған дейін 11 тамызда Армения құрамасын қабылдап, 5 қыркүйекте сырт алаңда — Франция, 10 қыркүйекте — Исландия, 10 қазанда Армения аяқдопшыларымен кездеседі. Ал іріктеу сынының ақтық 2 ойынын өз алаңында өткізеді. Алдымен 5 наурызда — исландиялықтармен, 2 қыркүйекте франциялықтармен ойнайтын болады.