Бұл туралы Vesti.kz. жазып отыр.
Іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында 28 жастағы жерлесіміздің ракеткасы одан 4 жас кіші франциялық Ирена Павловичпен түйісті. Кездесу тартысты өтті. Алғашқы сетте 7:5 есебімен Воскобоева қарсыласын ұтса, келесі партиядағы тай-бректе 7:5 есебімен Павлович басым түсті. Бірақ қорытынды ойында тәжірибесі мол қазақстандық теннисші 6:1 есебімен ұтты.
Айта кеткен жөн, бұған дейін жарыстың аталмыш кезеңіне қазақстандық Сесиль Каратанчаева өткен-ді.