Г. Головкин мен британдық М. Маклин арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден көруге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г. Головкин мен британдық М. Маклин арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден көруге болады

Г. Головкин мен британдық М. Маклин арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден көруге болады

WBA/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық М. Маклин арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден көруге болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 20 Маусым 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz


29 маусымда Машантукетте (АҚШ, Коннектикут штаты) Foxwoods Resort Casino аренасында өтетін жекпе-жекті 30 маусымда Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 09:00-де «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді.

Бұл кездесудің жазылып алынған нұсқасын 1 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де «Астана» телеарнасынан көруге болады.

Ағымдағы жылы үшінші шаршы алаңға көтерілетін қазақстандық боксшы үшін сегізінші рет WBA чемпиондық белдігін қорғау болатынын атап өткен жөн. Британдық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2012 жылғы 15 қыркүйекте өткізіп, бірінші раундта гаитяндық боксшы Джоашим Альсинді сұлатқан. Бұған дейін Маклин екі жекпе-жектен бірдей: алдымен неміс Феликс Штурмнен, содан кейін аргентиналық Серхио Габриэль Мартинестен жеңіліп қалған.

Головкин мен Маклин арасындағы жекпе-жек HBO арнасындағы Boxing After Dark сериясы аясындағы ірі бокс кешінің негізгі оқиғасы болатынын естеріңізге саламыз.