Жағажай волейболшылары «Гранд Слэм» жарысында үздік ондыққа енді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболшылары «Гранд Слэм»  жарысында үздік ондыққа енді

Жағажай волейболшылары «Гранд Слэм» жарысында үздік ондыққа енді

Италияның Рим қаласында 18-23 маусым күндері жағажай волейболынан «Гранд Слэм» әлемдік турының кезеңдік жарысы өтті.

  • 25 Маусым 2013
  • 346
Фото - Caravan.kz


 Онда 1/8 финалда американдықтарға есе жіберіп, 9-орын алған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко рейтингтік қоржынына 400 ұпай қосты. Дәрежелік бірінші раунда гректерден сүрінген Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов 41-орын мен рейтингтік 80 ұпайды қанағат тұтты.

Ал топтық кезеңде 3-орын алған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалованың жолын да 1/16 финалда американдықтар кесті. Соның нәтижесінде 17-орынға табан тіреп, 320 ұпайды өз қоржындарына салған олар бұл көрсеткішін биылғы маусымда осымен екінші рет қайталап отыр.