Қазақстанның әйелдер құрамасы Президент Кубогында ресейлік «Уралочканы» талқандады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның әйелдер құрамасы Президент Кубогында ресейлік «Уралочканы» талқандады

Қазақстанның әйелдер құрамасы Президент Кубогында ресейлік «Уралочканы» талқандады

Павлодарда өтіп жатқан Президент Кубогы үшін жарыста қазақстандық волейболшы қыздар ресейлік «Уралочканы» ойсырата жеңді.

  • 26 Маусым 2013
  • 324
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Vesti.kz. жазып отыр.

Кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Айта кетейік, бұл еліміздің бірінші құрамасының аталмыш жарыстағы екінші жеңісі. Кеше қазақстандық волейболшылар беларусь қарсыластарын 3:2 есебімен тізе бүктірген болатын.

Бұл ретте, кеше Беларусь 0:3 есебімен қытайлық «Ляонинге» есе жіберсе, еліміздің екінші құрамасы осындай есеппен әзербайжандық спортшылардан басым түсті. Бүгін, еліміздің осы командасы «Ляонинмен» бақ сынасса, ал Қазақстанның алғашқы құрамасы Әзербайжанның өкілдерімен кездеседі.