Бұл туралы аталмыш футбол клубының бас директоры Рашит Хуснутдинов хабарлады. Биыл қаржы қиындығына байланысты командадан бапкерлер мен бірқатар футболшылар кетіп қалған болатын. Енді клубқа өңір бюджетінен 1,6 млрд. теңге бөлінгеннен кейін жаңа бапкер мен команданың ойынына тың леп қосатын футболшылар керек. Әсіресе, чемпионаттың сұрмергені И.Зеньковичтің орны ойсырап тұр.
Ертең «Ақжайық» біріншіліктің кезекті турында Талдықорғанда турнир кестесінде өзімен көрші тұрған «Жетісумен» жасыл алаңға шығады.