Қазақстандық волейболшы қыздар Әлемдік Гран-при турнирінің 1-інші турында сүрінуден көз ашпады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық волейболшы қыздар Әлемдік Гран-при турнирінің 1-інші турында сүрінуден көз ашпады

Қазақстандық волейболшы қыздар Әлемдік Гран-при турнирінің 1-інші турында сүрінуден көз ашпады

Италияның Монтикьяри қаласында «Е» тобындағы командалар арасында 2-4 тамыз күндері волейболдан әйелдер арасында ХХІ Әлемдік Гран-при турнирінің бірінші туры өтті.

  • 5 Тамыз 2013
  • 483
Фото - Caravan.kz

 Александр Гутор жаттықтыратын қазақстандықтар Германияға 1:3, Италияға 0:3, Аргентинаға 2:3 есебімен ұтылды. Бұл топта 3 ойында 9 ұпай олжалаған итальяндықтар үздік шықты. Одан кейінгі орындарға қоржындарында 4 ұпайы бар Германия мен Аргентина құрамалары орналасса, 1 ұпаймен Қазақстан волейболшылары соңғы орынға табан тіреді. Қазір олар Әлемдік Гран-при додасында бақ сынап жатқан 20 команданың арасында Польша құрамасымен бірдей ұпай жинап 16-17 орындарды бөлісуде.


Енді екінші тур ойындары 9-11 тамызда Польшаның Плоцк қаласында болады. Онда қазақстандықтар «H» тобында бақ сынап, алғашқы ойынын жарыс қожайындарымен өткізеді. Одан кейін Жапония мен Германия волейболшыларымен күш сынасады. Ал үшінші тур 16-18 тамызда Алматыда жалғасады. Бұл сында «К» тобында өнер көрсететін олардың қарсыласы  Нидерланды, Куба және Бразилия спортшылары болмақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера