«Барыс» сырт алаңдағы алғашқы ойынын жеңіспен бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» сырт алаңдағы алғашқы ойынын жеңіспен бастады

«Барыс» сырт алаңдағы алғашқы ойынын жеңіспен бастады

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда алғашқы ойынын өткізіп, «Югра» командасын жеңді.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 345
Фото - Caravan.kz

Ханты-Мансийск қаласында өткен матчтың бірінші кезеңінде «Барыс» бірден шабуылға көшіп, шебер қорғана білді. «Юграның» хоккейшілері болса, қорғаныс кезінде ережені бұзып, бір айып шайбасымен (буллит) жазаланды. «Барыстың» капитаны Дмитрий Уппер ол буллитті іске асырды. Есеп — 1:0. Осыдан кейін Алексей Литвиненко және Брэндон Боченски таразы басын 3:0-ге жеткізді. «Юграның» еңсесі түсті. Алайда бірінші кезеңнің соңында олар есепті бір шайбаға қысқартты. Екінші кезеңде қарсыластар тағы бір шайбаны жіберіп қойды. Ал үшінші кезеңде Дастин Бойд дубль жасап, есеп айырмасын 6:1-ге дейін жеткізді. Ойынның соңына дейін «Югра» тек бір шайбамен ғана көзге түсті. Қортынды есеп — 6:2.


Осылайша, «Барыс» сырт алаңдағы алғашқы ойынын жеңіспен бастады. Шығыс коноференциясында астаналық клуб Қазан қаласының «Ақ барсын» артқа тастап, 15 ұпаймен көш бастады. Ал жалпы турнирлік кестеде «Барыс» тек «СКА» (Санкт-Петербор) командасына ғана жол беріп, екінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, қыркүйектің 22-сі күні «Барыс» өз алаңында «Автомобилистті» қабылдайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера