Ойынның бірінші кезеңінде командалар бірін-бірі зерттеумен болды. Ал екінші кезеңнің үшінші минутында «Сарыарқа» есепті ашты. Алайда бір минут өтпей, қарсыластар таразы басын теңестірді. Есеп — 1:1. Сосын үшінші кезеңде «Южный Урал» командасы бір шайбамен алға шықты. «Сарыарқа» да қалмай, бір минуттың ішінде есепті теңестіре білді. Бірақ қарсыластар тағы да бір шайбаны салып, қорғаныс шебін күшейтті. Ойынның соңына дейін қарағандылық клубтың хоккейшілері оны бұза алмады. Қорытынды есеп — 2:3. «Сарыарқа» үшінші рет жеңіліп, үш-ақ ұпаймен көш соңында келеді.
Қарағандылық клубтың келесі ойыны Челябі қаласында өтеді. Сол жерде олар жергілікті «Челмет» командасымен кездеседі.