Паралимпиадалықтарымыз Бүкіләлемдік спорт ойындарында көптеген медальдар жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Паралимпиадалықтарымыз Бүкіләлемдік спорт ойындарында көптеген медальдар жеңіп алды

Паралимпиадалықтарымыз Бүкіләлемдік спорт ойындарында көптеген медальдар жеңіп алды

Қазақстанның Ұлттық паралимпиадалық құрамасы IWAS-2013 Бүкіләлемдік ойындарында 26 медаль жеңіп алды.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 470
Фото - Caravan.kz

Жарыстар Голландияның Стадсканаал қаласында қыркүйектің 14-і мен 22 аралығында болып өтті.

Өткен жарыстардың қорытындысы бойынша «алтын» алғандар: Михаил Еременко (жүзу: 50 м., еркін стиль; 50 м, батерфляй), Равиль Мансұрбаев (диск лақтыру, ядро лақтыру), Руслан Өтебалиев (жүзу, 100 м., арқамен жүзу), Владимир Эрман (жүзу, 100 м., еркін стиль), Оксана Митякова (жүзу, 50 м., баттерфляй), Зүлфия Ғабидуллина (жүзу: еркін стиль, 50 м. және 200 м.; 150 м., кешенді жүзу; 100 м., еркін стиль, 50 м брасс);

«Күміс» алғандар Зүлфия Ғабидуллина (50 м., арқамен жүзу), Алина Михайлова (жүзу: 50 м., еркін стиль; 100 м., еркін стиль ), Руслан Өтебалиев (жүзу, 50 м., еркін стиль), Дмитрий Ли (жүзу, 100 м., еркін стиль), Михаил Еременко (жүзу, 100 м., арқамен жүзу), Тыщенко Ирина (ядро лақтыру).

«Қола» алғандар Павел Сидорчук (ядро лақтыру), Эллина Байделдінова (жүзу, 50 м., еркін стиль), Владимир Эрман (жүзу, 50 м., еркін стиль), Аманат Қалқаев (ұзындыққа секіру), Павел Сидорчук (диск лақтыру), Алина Михайлова (жүзу, 100 м., еркін стиль).

Қазақстанда паралимпиадалық спорт тарихында мұндай рекордтық медаль санына бірінші рет қол жеткізіліп отыр.


Лондондағы IV Паралимпиадалық ойындарға қатысушы Зүлфия Ғабидуллина әлемдік рейтинг бойынша ең мықты жүзушілердің сегіздігіне кіреді және мұнда еркін стиль бойынша 50 м жүзуде төртінші орынға ие, 150 м кешенді жүзуде — 5-орында, 100 м еркін стиль бойынша — 5-орында, 50 м арқамен жүзуде 7-орында тұр.

Жарыстарға 35 елден барлығы 500-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстаннан спорттың үш түрі бойынша (1 — садақ ату, 6 — жеңіл атлетика, 9 — жүзу) 16 спортшы қатысты.

Қазақстан командасы ҚР Паралимпиадалық комитетінің ұйымдастырушылық қолдауымен қатысуда, демеуші «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ болып табылады.

IWAS Бүкіләлемдік ойындары әр екі жыл сайын өткізіліп тұрады. Өткен ойындар 2009 жылы Бангалор (Үндістан), ал 2011 жылы Шардже (ОАЭ) қалаларында өткендігін естеріңізге саламыз.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера