Футбол: «Ақжайықтың» жағдайы қиындай түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Ақжайықтың» жағдайы қиындай түсті

Футбол: «Ақжайықтың» жағдайы қиындай түсті

Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» Өскеменде «Востокпен» күш сынасты.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 271
Фото - Caravan.kz

Осының алдында өз алаңында Қостанайдың «Тобылына» 1:3 есебімен жол берген батысқазақстандықтар қайтадан соңғы орынға түсіп қалған болатын. Сондықтан өскемендіктермен ойында қалайда ұпай алуға тырысып бақты. Алайда 36-минутта «Ақжайықтың» қорғаушысы Михаил Любимкин ойын тәртібін бұзып, сол жерден кезінде оралдық клубтың намысын қорғаған Вячеслав Эрбес қақпа бұрышын дәл көздеді. Екінші тайм басталмай жатып, «Востоктың» шабуылын тағы тәртіп бұзып тоқтатқан М.Любимкин алаңнан қуылды. Сөйтіп командасын қиын жағдайда қалдырды. Бірінші таймда жарақат алған Эльдар Абдрахмановтың орнына шыққан босниялық легионер Недо Туркович те серпіліс кіргізе алмады. Сөйтіп оны ойын соңына таман Николай Забродин қайта алмастырды. Жалпы, чемпионат барысында Игорь Зенькович кеткеннен кейін шабуыл шебін күшейте ме деп алынған Н.Туркович үмітті ақтай алмады.


Ойынның 78-минутында Сергей Костюк 11 метрлік айып добын дәл орындап, есепті 2:0-ге жеткізді.

Сонымен, алда небәрі төрт-ақ тур қалды. Соның ішінде 5 қазанда «Таразбен», 19 қазанда «Жетісумен» өз алаңында өтетін кездесулер «Ақжайық» үшін шешуші болмақ. Осы ойындарда жеңіске жетсе ғана оралдықтарға премьер-лигада қалуға мүмкіндік туады. Содан кейін 27 қазанда Қостанайда «Тобылмен» шеберлік байқасатын батысқазақстандықтар біріншілікті өз алаңында 2 қараша күні «Атыраумен» қорытындылайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера