Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Динамо» - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Динамо»

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Динамо»

 Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Беларусь, Минск) командасымен кездеседі.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 365
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, соңғы ойында «Барыс» хорваттың «Медвежчак» командасынан (2:3) ұтылған болатын. Сөйтіп, астаналық клуб қатарынан бес ойында жеңіске жетіп, алтыншы матчта қарсыласына жол беріп қойды. Дегенмен, «Барыс» Шығыс конференциясы мен чемпионаттың жалпы турнирлік кестесінде 2-4-ші орындардан түспей келеді. Еншісінде 21 ұпай бар.

Минск қаласының «Динамосы» болса, осы уақытқа дейін 9 ойын өткізіп, соның тек екеуінде ғана жеңіске жетті. Қазір бұл команда 26-орында (лигада 28 құрама бар) тұр.


Бүгінгі «Барыс» — «Динамо» ойынын Астана уақыты бойынша түнгі сағат 22:00-де «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.