Айта кеткен жөн, осы уақытқа дейін «Спартак» командасы он бір ойын өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жеткен. Бүгінде мәскеулік команда Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 19 ұпаймен 11-ші орында тұр. Ал «Барыста» 24 ұпай бар. Астаналық клуб соңғы он матчта сегіз мәрте жеңіс тұғырынан көрініп, турнирлік кестенің 4-ші орнын алып отыр.
Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:30-да басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.