Ойынның бірінші кезеңінде «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері қарсыластардың қақпасына үш бірдей шайба соғып, алға шықты. Екінші кезеңде есеп өзгермеді. 3:0. Ал үшінші кезеңде Өскемен қаласының хоккей клубы шайбаларды қарша боратып, тағы үш шайбаны соғып кетті. «Буран» оның бәріне тек бір шайбамен ғана жауап бере алды. Қорытынды есеп — 6:1.
Сөйтіп, «Қазцинк-Торпедо» тағы үш ұпайды олжалап, жалпы турнирлік кестеде оқ бойы озық тұр. Команданың еншісінде 30 ұпай бар. Ал лига чемпионы — «Торос» одан 8 ұпайға қалып келеді.