Қазақстан Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

  • 16 Қазан 2013
  • 437
Фото - Caravan.kz

Аталған келісімге 2010 жылдың 15 сәуірінде Душанбеде қол қойылған. Құжатқа сәйкес Қазақстан Тәжікстанға патрондар, қол гранаталары, қару майы секілді әскери құралдарды өтеусіз беру бойынша әскери-техникалық көмек көрсетеді. Мұндай әскери мүлікті Қазақстаннан Душанбе қаласына дейін жеткізіп беруді Қазақстанның Қарулы Күштерінің әуе кемесімен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, келісімге сәйкес Тәжікстан Қазақстаннан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бере алмайды.


Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.