Із-түссіз жоғалған ресейлік азамат 18 жылдан кейін Қарағандыдан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Із-түссіз жоғалған ресейлік азамат 18 жылдан кейін Қарағандыдан табылды

Із-түссіз жоғалған ресейлік азамат 18 жылдан кейін Қарағандыдан табылды

Қарағандыда ТМД елдерінің «Іздеу» республикалық операциясын жүргізу барысында 18 жыл бойы із-түссіз жоғалған деп саналып келген ер адам табылды,

  • 16 Қазан 2013
  • 360
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

1995 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясы Красноярск қаласы бойынша ІІМ бас басқармасына жергілікті тұрғындар хабарласып, із-түссіз жоғалып кеткен туыстарын іздеу жөнінде арыз берген. Жоғалған адам Қарағандыда ағымдағы жылдың 15 қазанында табылды.

Белгілі болғандай, 44 жастағы ер адам оған туыстары іздеу жариялағанынан мүлдем хабарсыз болып шықты.