Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Онда Шэньси провинциясындағы халық өкілдері Жиналысының Төрағасы — партия комитетінің Хатшысы Чжао Чжэнюнмен кездесті.
Мәжілісмендер провинцияның әлеуметтік-экономикалық дамуына, орталықтың аймақтармен өзара байланысына, өкілетті органдар билігінің аймақтардың қызметіне қатысты мәселелерімен де танысты.
Нурлан Нығматулин Чжао Чжэнюнмен болған әңгіме барысында біздің елдерді — стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстырып тұрған тату көрші ретінде атап өтті. Қазақстанның шығыс аймақтары Қытайдың батыс шекарасымен шектесіп, ынтымақтастық және достық символына айналып, 1700 шақырымнан асатын шекараға ұласып жатыр. Тауар айналымының жартысы шекарааралық ынтымақтастықпен жасалып отыр.
Сонымен бірге Мәжіліс Төрағасы қазақстан-қытай парламентшілерінің басты мақсаты — байланысты нығайтып, шекаралық аймақтардың жан-жақты ынтымақтастығын қолдап, заңнамалық жағынан қамтамасыз ету екенін сенімді түрде мәлімдеді.
Нурлан Нығматулин осы Шэньси провинциясынан басталатын байырғы Жібек жолы Қытай мен Орта Азия мемлекеттері экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуда маңызды роль атқарғанын атап өтті.
— Құрылысы жүріп жатқан «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автомагистралі бүгінгі «жаңа» Жібек жолы болып, Еуропа мен Азия елдері арасындағы көлік байланыстарын жақсартатын болады, — деп сөзін жалғады Мәжіліс спикері.
Тараптар әңгіме барысында аймақтардың дамуы бойынша реформаларды заңнамамен қамтамасыз ету тәжірибелерімен алмасты.