Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
— В Караганде например, завод по производству, самолета «Фермер» который с большой гордостью в свое время Серик Ныгметович показывал, выпустил всего один аэроплан. И то говорят не летает, сел на одно крыло. Зачем такая показуха нужна?
«Бұл көзбояушылық емес»,- дейді жергілікті билік өкілдері. Тіпті олар бюджеттен 700 миллион теңгені де аямай бөліп, зауыттың инфроқұрылымын да реттеп берген көрінеді. Айтуларынша, бұл болашағынан зор үміт күттіретін жоба. Өйткені миллиардтаған сомаға тұрғызылған өндірістің ұшақтарына сұраныс жоғары. Биліктегілер, жобаны мақұлдар кезде осыны ескергенімізбен, оған қажет техникалық құжаттардың ретіне мән бермеппіз дейді. Сондықтан Ресейлік компания оны жаппай шығара бастауға рұқсат бермей отырған көрінеді. Бірақ бұған бойсұнып отырған шенеуніктер жоқ. Олар енді құжаттарды реттеп алып, басқа шетелдік компанияның батасын аламыз деп алақан ысқылауда. Осылайша бұдан 2 жыл бұрын шығуы тиіс болған ұшақтар, енді алдағы екі жылдың ішінде көкке көтерілмекші.
Әнуар Ахметжанов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:
— Қашан нақты өндіріс басталатыны 2015 жылға жоспарланып отыр. Әртүрлі проблемалар болды, сол проблемаларды шешіп жобаны іске асыру үшін бәріміз үлес қосуымыз қажет.