Атырауда волейбол клубының басшылары бас бостандықтарынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда волейбол клубының басшылары бас бостандықтарынан айырылды

Атырауда волейбол клубының басшылары бас бостандықтарынан айырылды

Ал Атырауда жергілікті волейбол клубының басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Команда директоры – Жеңісбек Мұхамбетжанов, бас жаттықтырушы – Александр Запевалов және есепші Светлана Харькинаға 253 млн. теңгені қолды қылды деген айып тағылған болатын.

  • 17 Қазан 2013
  • 254
Фото - Caravan.kz


Сот үшеуінің де дүние-мүліктерін тәркілеп, әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Барлығы да жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, клуб басшылары шетелде, яғни Адлер, Стамбул, Дубай мен Варшава қалаларында оқу-жаттығу жиындарын өткізгендігі туралы жалған құжат жасап, бөлінген ақшаны өзара бөлісіп алған. Ал қылмыстық топ жетекшісі облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің жүргізушісі, кейін облыстық спорт басқармасының басшысы болған Берік Жанкеев екен. Қазір ол іздеуде.