Қазына қаржысын жымқырған М.Оңдағановқа қатысты сот процесі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазына қаржысын жымқырған М.Оңдағановқа қатысты сот процесі басталды

Қазына қаржысын жымқырған М.Оңдағановқа қатысты сот процесі басталды

Бүгін Оралда 4 бірдей басшысы жауапқа алынған аты шулы сот процесі басталды. Басты айыпталушы – Батыс Қазақстан облысының Туризм және спорт басқармасына жетекшілік еткен Мүсілім Оңдағанов. Шенеунік сыбайластарымен бірге қазынаның 200 млн. теңгесін жеке пайдаларына жаратқан.

  • 17 Қазан 2013
  • 241
Фото - Caravan.kz


Нақтырақ айтасақ, Мүсілім Оңдағанов 2009 жылдары облыстық спортты басқарған тұста түрлі сайыстарға деп бөлінген қазына қаржысын қалтаға басыпты. Мәселен, Олимпиада резервін дайындау орталығының директоры және допты хоккейден ұлттық құраманың аға жаттықтырушысымен сыбайласа отырып, 8 млн. теңгеге Дубайда демалған. Сондай-ақ халықаралық додаларға бөлінген іс-сапар ақшасының тең жартысын спортшылардың басқармаға өткізіп тұруға міндеттепті. Ал түскен табысқа нөкерлерімен бірлеге шетелде демалып, сауық құрған. Тіпті шенеуніктің  асып-тасығаны сонша, өз туралы фильм түсіріп, ғаламторға жариялағаны есте.