Естеріңізге сала кетейін, ел біріншілігінің аяқталуына екі аптадай қалды. Аталмыш команда келесі жекпе-жегін астаналықтарға қарсы өткізуі тиіс. Он төрт ойынның сыйақысынан құр қалған футболшылар енді бар үміттерін жанкүйерлеріне артып отыр. Ал, шетелден тартылған тарландардың алаңға мүлде шыққысы жоқ. Ойын нәтижесіне қарағанда, оларды жарыстан кейінгі жағдайлары көбірек мазалайды.
Предраг Говедарица, «Ертіс» ФК жартылай қорғаушысы:
— Чемпионат соңына дейін 15 күн қалды. Легионерлер үйлеріне ақшасыз орала ма деген уайым бар. Оның үстіне, 15 күннен кейін ойыншылардың келісім-шарт мерзімі аяқталады. Егер басшылық бүгінгі талапқа назар аудармаса 19-ы алаңға шықпаймыз.