Бас прокуратура контрабандамен айналысқан дипломаттарға қатысты іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура контрабандамен айналысқан дипломаттарға қатысты іс қозғады

Бас прокуратура контрабандамен айналысқан дипломаттарға қатысты іс қозғады

Еліміздің Бас прокуратурасы үлкен халықаралық шу тудырған Германиядағы елшілік қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Франкфурттағы бас консул Ахат Алпысбаев пен оның көмекшісі қазір тұтқында. Оларға ірі көлемде контрабандамен айналысты деген айып тағылған. Сыртқы істер министрі бұл әрекетті масқара деп бағалап, шетелдегі барлық қызметкерлерін жаппай тексеріп жатыр.

  • 17 Қазан 2013
  • 330
Фото - Caravan.kz


Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

— Өкінішке орай, арамызда осындай сұмырайлар шығып жатыр. Бірақ бұл көргенсіздік, мәдениетсіздік жауапсыз қалмайды. Франкфурттагы осы масқарадан кейін консулдарга қатысты талапты күшейттік. Қазір шетелдегі барлық консулдықтарды тексеріп, тәртіпке келтіріп жатырмыз.

Әлем алдында Қазақстанның атына кір келтіріп, ұятқа қалдырған  Германиядағы бас консул Ахат Алпысбаев пен оның көмекшісі Әдіров. Бұл екеу, дипломатиялық поштамен Германияға заңсыз жолмен ірі көлемде  темекі тасымалдаған. Қалта қамын күйттегендер осы елдегі шылым бағасының қымбаттығын өздерінше пайдаланбақ болса керек. Қазақстандық диплоамттарды бірнеше ай бойы жасырын аңдыған неміс кеденшілері күдіктілерді ұстау үшін арнайы операция да ұйымдастырған. Енді дипломаттарды оттанына экстрадицялау үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бас консул мен оның көмекшісі тіпті Германияда сотталуы мүмкін.