Н. Назарбаев: Былтырдың өзінде мемлекеттік органдарға халықтан 22 млн. хаттама келіп түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев: Былтырдың өзінде мемлекеттік органдарға халықтан 22 млн. хаттама келіп түскен

Н. Назарбаев: Былтырдың өзінде мемлекеттік органдарға халықтан 22 млн. хаттама келіп түскен

Былтырдың өзінде ел азаматтары мемлекеттік органдарға 22 млн. хаттама түсірді. Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

  • 17 Қазан 2013
  • 350
Фото - Caravan.kz

«Соңғы 3 жылдағы зерттеулер мемлекеттік органдарда бірқатар кемшіліктердің орын алғанын көрсетіп отыр. Бұлар: қызмет сапасының төмендігі, қызметтердің, жұмыс уақытының жүйесіздігі, өте үлкен қағазбастылық. Тек былтырдың өзінде ғана ел азаматтары мемлекеттік органдарға 22 млн. хаттама түсірді. Халқымыздың саны 17 млн. ал келіп түскен хаттама 22 млн. болып отыр. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 80 пайыз, ал бюджет қаржысының игерілуі 98 пайыз. Айырмашылық қандай?», — деді Н. Назарбаев.


Осыған орай, Елбасы бұндай олқылықты жою жаңа корпустың да міндеті екенін атап өтті. «А» корпусы мемлекеттік басқарудың, қаражатты игерудің тиімді жолдарын іздеуі керек», — деді Н. Назарбаев.