«А» корпусы элита емес, бұл - халықтық қызмет - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«А» корпусы элита емес, бұл - халықтық қызмет

«А» корпусы элита емес, бұл - халықтық қызмет

«А» корпусы элита емес, бұл халықтық қызмет. Бүгін «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

  • 17 Қазан 2013
  • 378
Фото - Caravan.kz

Елбасы өз сөзінде әрбір мемлекеттік қызметші өз ісінің кәсіби шебері, адал, бастамашыл, ұлтшыл, ар-ожданы жоғары, кішіпейіл, халыққа қызмет етуге жан-тәнімен берілген болуы тиістігін баса айтты. «Сіздер әркезде де кейбіреулер айтып жүргендей, «А» корпусы қандай да бір элита емес, бұл халықтық қызмет екендігін есте сақатуға тиіссіздер», — деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар ҚР Президенті «А» корпусына кірген шенеуніктерге еш уақытта халық қызметшілері екендіктерін ұмытпауды баса айтты.