СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Бокстан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы айналымы өз мәресіне жетті. Ертең Алматы шаршы алаңына Қазақстан құрамасының боксшылары шығады.

  • 18 Қазан 2013
  • 205
Фото - Caravan.kz

Жеңіл салмақтағы үмітіміз Біржан Жақып 2011-ші жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік  Бэлик Галановпен қолғап түйістіреді. Галанов бірінші жекпе-жегінде Украиналық Вадим Кудряковты үш раундтта соққының астына алып лайықты жеңіске жетті. 64 келіде өнер көрсететін Мерей Ақшалов шотландиялық Джош Тэйлормен шеберлік байқасады. Тэйлор Лондон Олимпиадасына қатысқан. Бірақ онда айтарлықтай табысқа жеткен жоқ. Екі боксшы бұрын сонды кездеспеген.    

 

 

Футболдан әлем чемпионатына іріктеуді сәтсіз аяқтаған Қазақстан құрамасы енді 2016-шы жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының жеребесіне қатысады.

Командамыздың нәтижесіне қараған УЕФА өкілдері бұл жолы бізді Андорра, Сан-Марино сынды құрамалармен ең соңғы топқа бөліпті. Сондықтан біздің командаға еуропаның азулы командалары түсуі ғажап емес. Алайда жолымыз болып жатса, Босния, Венгрия, Израиль, Эстония мен Солтүстік Ирландия сынды құрамалармен шеберелік байқасамыз. Бірақ бұл елдердің өзі Әлем чемпионатына іріктеуде лайықты нәтижелер көрсеткен. Ал Испания, Бельгия, Түркия, Польша, Беларусь сынды командалармен бір топқа түссек, онсызда жігерсіз құрамамыз жерге қаратары анық. Естеріңізге сала кетсек 2016-шы жылғы Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі 2014-ші жылдың 23-ші ақпанда францияның Ницца қаласында өтеді.          

 


 

Танымал бапкер Дик Адвокат голландиялық клуб “АЗ” Алкмаардың тізгінін алды. Еуропа лигасының топтық кезеңінде қарағандының “Шахтерімен” бір топта өнер көрсететін “АЗ” 24-ші қазанда Астанада кеншілерге қарсы ойнайды.

Осы уақытқа дейін голландиялық команданы баптаған Герт Ян Вербек жақында қызметінен босатылған. Ал өткен маусымнан бері жұмыссыз жүрген Дик Адвокат өз отанында жұмыс істеуге бірден келіскен. 66 жастағы тәжірибелі жаттықтырушы “АЗ”ға жат емес. Ол 2009-2010-шы жылдары бұл клубты жаттықтырған. Бірақ Ресей футбол одағымен келісімге келген Адвокат 2012-ші жылы Еуропа чемпионатына жолда алды. Енді Голландиялыққа “АЗ”-мен Еуропа лигасында табысты өнер көрсету жүктеліп отыр.