Сондай-ақ мамандар шұшық жегіштерді де сақ болуға шақырып отыр. Қалада өз үйін астыртын цехқа айналдырған тағы бір бизнесмен қолға түскен. Бұл іспен заңсыз түрде айналысқан кезекті кәсіпкердің санитарлық талапқа селқос қарағаны көрініп тұр. Ашық саудаға күніне ол 500 келі шұжық шығарып келген, шамамен цех алты айға жуық жұмыс істепті. Ал оңай жолмен ақша тапқыш мырза, әкімшілік жауапқа ғана тартылуы мүмкін.