Бұл — былтыр Іле Алатауы табиғи паркіндегі қанды қырғынға қатысы бар деген күдікпен қолға түскен Саян Хайровтың өзі. 38 жастағы азамат шілде айында Қырғыз елінде бой тасалап жүргенінде құрықталған болатын. Бүгін оған бірнеше бап бойынша айып тағылды.
Дәурен Әбішев, мемлекеттік айыптаушы:
— Терроризм актілерін тікелей жасауға дайындалған. Лаңкестік қызметпен тікелей байланысты қылмыстық пиғылдарын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, оқ-дәрілер, қолдан жарылғыш заттарын жинақтау, сонымен бірге аса ірі көлемде жалпылама қылмыстарды жүзеге асыруды шешкен.
Бұдан өзге мемлекеттік айыптаушы Хайровқа адам ұрлығымен де айналысқан деген айып тағылып отыр. Бірақ күдікті заңсыз шекара асқанын ғана болмаса, «өзге қылмысқа қатысым жоқ» деп тіл қатты.
Саян Хайров, сотталушы:
— Өзіңді кінәлімін деп мойындайсың ба?
— Толықтай мойындамаймын!
— Жартылай мойындайсың ба?
— Жартылай мойындағанда шекарадан өткенімді мойындаймын, қалғанын мойындамаймын!
Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Хайров құрған топ былтырІле Алатауы ұлттық паркінде 12 адамды жер жастандырған. Кейін ол лаңкестердің біразы күш құрылымдарының арнайы операция кезінде көздері жойылған. Бірақ Саян Хайровпен оның сыбайласы Зәуірбек Ботабаев шекара асып үлгеріпті. Хайров Бішкекте қолға түссе, Ботабаев әлі іздеуде жүр.
— Күйеуіңізге тағылған айыппен келісесіз бе?
— Жауап бермеймін дедім ғой!
Ал бұл Хайровтың жары Шынар есімді келіншек. Былтыр ол да өзге ланкестің топтың жұбайларымен жасырынған жерінде қолға түскен. Құрықтау кезінде 9 адаммен бірге оның 10 жастағы ұлы да оққа ұшқан.
— Сіз ол кісімен кездестіңіз бе, жолықтырды ма?
— Кездестірген жоқ!
Бір айта кетерлігі, бүгінгі сотқа жәбірленуші тарап пен кәугерлер қатырыстырылған жоқ. Ал айыптыға прокурорлар кемі 12 жыл беруді сұрап отыр.
Саян Хайровқа қатысты соттың келесі тыңдалымы ертең куәгерлердің қатысуымен өтетін болды. Бұл шашамен — 22 адам. Десе де істің қауіпсіздігі үшін мемлекеттік айыптаушылар процестің қайтадан жабық есік жағдайында өтуін талап етті.