Дарындылығы Эйнштейннен кем түспейтін мексикалық бала - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дарындылығы Эйнштейннен кем түспейтін мексикалық бала

Дарындылығы Эйнштейннен кем түспейтін мексикалық бала

Ақыл парасаты жағынан Альберт Эйнштейнге тең келетін он бір жастағы мексикалық бала Мехикодағы АҚШ елшілігіне атанбақ. Онда баланың Гарвард университетінде оқу мүмкіндігі қарастырылмақшы.

  • 18 Қазан 2013
  • 398
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы utro.ru. хабарлады.

Сарапшылар 11 жастағы Луис Роберто Рамирестің ақылының деңгейін 152-160 деп бағалауда, бұл шамамен Альберт Эйнштейннің деңгейімен бірдей.

Мексикалық БАҚ-тар келтірген мәліметтер бойынша жас талант 10 апта ішінде елдегі колледждердің бірінің дайындық курсын толық бітіріп шыққан. Бұл оған одан әрі университеттік білім алуға жол ашады. Колледж ұстаздарының сөздері бойынша Рамирес, емтихан тапсырған 47 пәннің тек біреуінен ғана 9 бал алған, қалғандарын ең жоғары 10 балдық көрсеткішпен тәмамдаған.

Дарынды бала Гарвардқа түсіп кванттық физика бойынша дәріс алуды армандайды.