Астанадағы ЖЭО-2 үшін ресейліктер экологиялық қазандық шығарады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ЖЭО-2 үшін ресейліктер экологиялық қазандық шығарады

Астанадағы ЖЭО-2 үшін ресейліктер экологиялық қазандық шығарады

Ресейлік «Сибэнергомаш» компаниясы Астанада қаласындағы ЖЭО үшін тағы бір қазандық дайындайды.

  • 18 Қазан 2013
  • 709
Фото - Caravan.kz


Кәсіпорында жаңа қазандық агрегатын құрастыру басталды. Ол Екібастұз көмірін эксплуатациялау кезінде азот оксидінің өте төмен деңгейде шығарылуын қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталады.

«Кәсіпорын — Қазақстан энергетикасы үшін құрылғымен негізгі қамтамасыз етуші. Соңғы уақытта осы Кедендік одақтың белсенді қатысушысымен арадағы ынтымақтастық едәуір жанданды. Бұл экологияға баса көңіл аударып отырғандығымызға да байланысты», — дейді кәсіпорынның басқарушы директоры Сергей Алешин.