Александр Лукашенко: Калининград - белорус жері. Оны қайтару керек! - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Александр Лукашенко: Калининград - белорус жері. Оны қайтару керек!

Александр Лукашенко: Калининград - белорус жері. Оны қайтару керек!

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей Федерциясы құрамындағы Калининград облысының аумағын ежелден белорустардың жер деп есептейді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» басылымы «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

  • 18 Қазан 2013
  • 362
Фото - Caravan.kz

Агенттік тілшісінің мәліметіне қарағанда, белорус батькасы енді бұл облысты қайтарып алуға қарсы емес. Мұнда ол ауыл шаруашылығы бизнесін дамытқан болар еді.

«Мен Калининград облысын бізге қайтарыңдар дегенді жиі айтып келемін, — деді Лукашенко. — Біз ондағы әрбір сотық жерді, әрбір гектар жерді жыртып, егін егіп, ол өлкені гүлдей жайнатар едік».

«Мен бұл жерлерді қуана қабылдап алар едім», — деді ол БАҚ өкілдерімен болған кездесуі кезінде тағы да.


Бұл әңгіме жақында Литва мемлекеті Ресей мен оның батыстағы бөлігі — Калининград облысының бір-бірімен қарым-қатынас жолын жауып тастамақ болып, айбат шекккеннен кейін шығып отыр.