Қазақ елін дамудың дара жолына бастау елдегі ең қуатты саяси күш «Нұр Отан» партиясына жүктеліп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ елін дамудың дара жолына бастау елдегі ең қуатты саяси күш «Нұр Отан» партиясына жүктеліп отыр

Қазақ елін дамудың дара жолына бастау елдегі ең қуатты саяси күш «Нұр Отан» партиясына жүктеліп отыр

Қазақ елін дамудың дара жолына бастау елдегі ең қуатты саяси күш «Нұр Отан» партиясына жүктеліп отыр. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХV съезі барысында партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

  • 18 Қазан 2013
  • 366
Фото - Caravan.kz


Съез барысында Елбасы Н. Назарбаев басқосудың орны айрықша екенін атап өтті. «Бүгін өткен 15 жылдың қорытындысын шығару, болашақ бағдарды айқындау тұрғысынан өзгеше күн. Бұл еліміздің «Қазақстан-2050» стратегиясын қабылдағаннан кейінгі партияның алғашқы басқосуы болып саналады. Біз алыс болашаққа көз тігіп, алдымызға биік межелер белгіледік. Қандай мақсатқа, қай жолмен жеткенімізді нақтылап, оның келешек межелерін жүзеге асыруға кірістік. Еліміздің ертеңгі стратегиясын қалай іске асыратынымызды ойластыруымыз керек. Оны мүлтіксіз жүзеге асыру, қазақ елін дамудың дара жолына бастау елдегі ең қуатты саяси күш «Нұр Отан» партиясына жүктеліп отыр», -деді Мемлекет басшысы.