«Нұр Отан» партиясының жаңа атауы бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» партиясының жаңа атауы бекітілді

«Нұр Отан» партиясының жаңа атауы бекітілді

Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде партияның жаңа атауы бекітілді.

  • 18 Қазан 2013
  • 794
Фото - Caravan.kz


Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, саяси бюроның кеңейтілген мәжілісінде партияның «халықтық-демократиялық» деген тіркесін алып тастап, «Нұр Отан» партиясы» деп қалдыру ұсынысы жасалған болатын. Осыған орай, бүгін съезге қатысушылар аталған ұсынысты қарап, бірауыздан қабылдады. Сондай-ақ олар партияның жаңа эмблемасын мақұлдады. «Жаңа эмблема ХV съездің логотипі негізінде әзірленді. Күннің шығуы біздің жетістіктеріміз бен жарқын жеңістеріміздің көрінісі болса, таудың шыңы — жоғары мақсаттар мен халықтың ұмтылысы, барыс — күш пен мәрттік, партияның жазуы Елбасының мемлекеттің дамуына қосқан тарихи үлесін көрсетеді. Ал «Нұр Отан» партиясы басымды күш ретінде сол дамудың негізі болуы шарт», — деп атап көрсетті Б.Байбек.