Ресеймен достығымызды сақтап қалу бізге парыз - Мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресеймен достығымызды сақтап қалу бізге парыз - Мемлекет басшысы

Ресеймен достығымызды сақтап қалу бізге парыз - Мемлекет басшысы

Үш тілді білуге жастарымызды тәрбилеуді дұрыс деп санаймын. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХV съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

  • 18 Қазан 2013
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Үш тілді білуге жастарымызды тәрбилеуді дұрыс деп санаймын. Қазір де, болашақта да солай болу керек»,-деп атап өтті Елбасы.

«Мысалы, дүниежүзінде жыл сайын 10 миллион кітап шықса, соның 85 пайызы ағылшын тілінде басылып жатыр. Сонда біздің жастарымыз білімді қай жерден алады?!»,- деді Президент.

Сонымен қатар Президент орыс тілінен ажырап қалмау керек екенін айтып өтті.

«Ұлы көршімізбен қарым-қатынас еш уақытта қалмайды. Көршіні Құдай береді, яғни көршіні сұрап алмайсың. Атап айтқанда, ата-бабаларымыздан келе жатқан мәңгілік достығымыз бар және оны сақтап қалу бізге парыз», — деп түйді Н. Назарбаев.