Боксшы Ілияс Сүлейменов Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшы Ілияс Сүлейменов Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Боксшы Ілияс Сүлейменов Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатын Ілияс Сүлейменов сәтті бастады. 52 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Ілияс Сүлейменов бүгін австралиялық Андреу Молонейді айқын басымдықпен ұтты. Енді ол 1/8 финалда 22 қазанда қырғызстандық Азат Үсеналиевпен күш сынаспақ. Қос боксшы да Әлем чемпионатын бірден екінші айналымнан бастаған еді. Азат бүгінгі сайыста молдовалық Александрос Рисканды ұтты.

  • 18 Қазан 2013
  • 471
Фото - Caravan.kz


А.Үсеналиев  биыл 30 маусым мен 8 шілде аралығында Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында чемпион атанған болатын. Ол бұл додада Ирак, Индонезия, Иран және Өзбекстан боксшыларын жеңген еді. Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (АІВА) рейтингінде қазір Азат — 9, Ілияс — 8-орында тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера