Бір жұдырықтай жұмылып отырған халқыма шын жүрегімнен алғысымды айтамын - Н. Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір жұдырықтай жұмылып отырған халқыма шын жүрегімнен алғысымды айтамын - Н. Назарбаев

Бір жұдырықтай жұмылып отырған халқыма шын жүрегімнен алғысымды айтамын - Н. Назарбаев

Қазақстан халқы ерлік пен бірліктің үлгісін көрсетті. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезі барысында партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті

  • 18 Қазан 2013
  • 676
Фото - Caravan.kz

«Біз бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманға қол жеткізгенімізді мақтан ете білуіміз керек. Ұлтымыздың ұлы тарихының жаңа тарауы қуатты да табысты тәуелсіз мемлекеттің шежіресі болып жазылуда. Айтатын сөз біреу-ақ: елдің бірлігі — қазақтың бірлігі», — деді Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы осы жылдары Қазақстан халқы ерлік пен бірліктің үлгісін көрсеткенін атап өтті.

«Соның арқасында осындай табыстарға жеттік. Тәуелсіздіктің қиыншылықпен келіп, оны ұстап қалу оңай емес екенін халқымыз білді. Осыны түсініп отырған, бір жұдырықтай жұмылып отырған халқыма шын жүрегімнен алғысымды айтамын, бақыт тілеймін!», — деп түйді Президент.