Мерей Ақшалов Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мерей Ақшалов Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Мерей Ақшалов Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

 Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/16 финалын Қазақстан құрамасы сәтті бастады. Күндізгі додада шаршы алаңға бірінші шыққан Ілияс Сүлейменовтің (52 кг) жеңісті жолы Мерей Ақшаловқа (64 кг) жұғысты болды. Шотландиялық Жош Тайлордың осал тұсын таба білген ол енді 21 қазанда доминикандық Карлос Адамспен күш сынасады.

  • 18 Қазан 2013
  • 450
Фото - Caravan.kz


Мерей Әлем чемпионатын бірден екінші айналымнан бастаса, Адамс екінші айналымда америкалық Жосе Алдайды, швециялық Сибонело Ндзимандзені жеңген болатын. Мерейдің Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (АІВА) рейтингінде бесінші орында тұрғанын және қарсыласынан тәжірибесі де басым екенін ескерсек, бұл сыннан да сүрінбей өтуге мүмкіндігі мол.

Енді олардың жеңісті жолын Антон Пиншук (91 кг) жалғастыратына зор сенім артамыз. Себебі Антон АIBA рейтингінде қазір 6-сатыда тұр. Оның қарсыласы алғашқы айналымда марокколық Абделжалил Абоухамаданы жарыс жолынан шығарған венгриялық Имре Сзелло болмақ. Егер бұл сыннан сүрінбей өтсе 21 қазан күні 1/8 финалда молдовалық Владимир Шелес пен өзбекстандық Рустам Тулаганов арасындағы кездесудің жеңімпазымен шаршы алаңға шығатын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера