Қазірде футболшылар маңызды матч алдында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Владимир Вайсс баптайтын “Қайрат” биыл еурокубоктық бәсекелерге жолдама алуды мақсат еткен. Бірақ турнир кестесінде 26 ұпаймен 5-ші орынға жайғасқан алматылықтар үшін жүлдеге ілігуі қиынның қиыны. Оның үстіне негізгі қақпашы Давид Лория мен қорғаушы Любомир Михалик жарақатына байланысты алдағы матчқа қатыспайды. “Қайрат” пен “Ордабасы” арасындағы бәсеке ертең орталық стадионда 18:00 де басталады.