Экономикалық соттың судьясы ірі көлемде парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономикалық соттың судьясы ірі көлемде парамен ұсталды

Экономикалық соттың судьясы ірі көлемде парамен ұсталды

Көп асқанға – бір тосқан. Астанада экономикалық соттың судьясы ірі көлемде пара алып құрықталды.

  • 19 Қазан 2013
  • 345
Фото - Caravan.kz


Абдолла Кенжаевтың қолына кісен таңертең өзі жұмыс істейтін сот ғимараты алдында салынды. Қаржы полицейлері судьяның соңына түскеніне біраз уақыт болған екен. Кенжаев оң шешім шығарып беремін деп кәсіпкерден 750 мың теңге пара алған. Осылайша кезінде талай адамның тағдырына нүкте қойған судьяның өзі бір мезетте күдікті болып шыға келді. Сот төрешісі бұлай тұтыламын деп ойламаса керек қатты қобалжулы. Ал, тексеру жұмыстары әріқарай экономикалық сот кеңсесінде өткендіктен сақшылар нысанға бірнеше сағат адам баласын жуытпады.  Абдолла Кенжаев Елордадағы ауданаралық экономикалық соттың судьясы болып былтыр тағайындалғанын айта кетейік.