Естеріңізге салсақ, дайындық сыныбына барып жүрген 6 жасар бүлдіршінді 9-ы күні әлдебіреу әжесімін деп қолынан жетектеп алып кеткен. Ақ жаулықты әйелдің фотороботы жасалып, барлық көшеге ілінгенімен қыздан сол күйі хабар жоқ. Басқа амал таппаған ата-ана енді ақпарат бергендерге 50 мың доллар сыйақы дайындап отыр.
Гүлнұр Өміралиева, Нұрайдың анасы:
— Бізді бір басқаша дінге кіріп шақырып, біз соның шарттарын орындамағандықтан осындай баласын ұрлап отыр дегендей сыбыс естідік, күйеуімен әйелі ажырасып кеткен екен деп естідік. Ондай бізде ажырасу болған емес және басқа да ондай діндерге кірген емеспіз.