Қаржы полициясы “Сары Алмаз”-дың бауырына іздеу жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы “Сары Алмаз”-дың бауырына іздеу жариялады

Қаржы полициясы “Сары Алмаз”-дың бауырына іздеу жариялады

Қылмыс әлемінде “Сары Алмаз” деген атпен әйгі болған Несіпбай Нәсеновтың бауыры Асқар Нәсеновке іздеу жарияланды. “Транстелеком” компаниясын басқарған оған қызметін асыра пайдаланып, ақша жеді деген айып тағылуда.

  • 19 Қазан 2013
  • 602
Фото - Caravan.kz

Биыл қыркүйекте «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясына қарасты “ТрансТелеком”-ның бұрынғы вице-президенті Мұхтар Әбдрахманов құрықталған болатын. Шенеунік қазынаның 4 млрд теңгесін қалтасына басыпты. Қаржы полициясы енді оның жалғыз әрекет етпегенін анықтап отыр. Мемлекеттің ақшасына Әбдрахмановтың бастығы Асқар Нәсенов те қол сұққан. “Транстелеком” компаниясына 2002-2007 жылдар аралығында жетекшілік еткен 47 жастағы Нәсенов қазір іздеуде жүр. Ал оның туған бауыры Несіпбай Нәсеновтің 90-шы жылдары қылмыстық ортада аты алысқа кеткен еді. Бір рет сотталып, бостандыққа шыққан бойда Испанияға қашқан “Сары Алмаз” ақыры жат жерде оққа ұшқан болатын.


Мұрат Жұманбай, Қаржы полициясының ресми өкілі:

Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы маманының қорытындысына сәйкес “ТрансТелеком” АҚ мен “КТ&Т” ЖШС арасындағы келісім-шарт жалған мәміле болып табылады. Бұл мемлекеттің 4,1 млрд теңгесінің негізсіз төленуіне әкеліп соққан.