Марченко: «Билікте ірі банктердің сойылын соғатын лоббистер көп!» - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марченко: «Билікте ірі банктердің сойылын соғатын лоббистер көп!»

Марченко: «Билікте ірі банктердің сойылын соғатын лоббистер көп!»

Билікте ірі банктердің сойылын соғатын лоббистер көп! Ортақ процессингілік жүйеге қатысты бастамасы Үкіметтен өтпей қалған Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченко осындай мәлемдеме жасады.

  • 19 Қазан 2013
  • 412
Фото - Caravan.kz

Төлем карталарымен жүргізілетін барлық операцияларды арзандатып, бір жүйеге келтіру үшін Марченко командасы көктемде осы бастаманы қолға алған болатын. Оның негізінде кез-келген банктің клиенті қалаған банкомат арқылы қолма-қол ақша алу немесе қаржы аударымын жасау үшін үстеме ақша төлеуден босатылуы тиіс еді. Қазір бұл тариф көрсетілген талаптан 96 есе қымбат. Бірақ Үкімет Ұлттық банктің бастамасын қолдамай тастаған.


Меніңше Үкіметтегі бірнеше министрдің банк лоббиіне тікелей қатысы бар. Ұлттық Банктің бұл бастамасына қолдау көрсетілмеудің өзге себебі жоқ. Ортақ процессингілік жүйеден кейбір банктер нарықтағы бәсекелестік деңгейін жоғалтады деген бос сөз. Себебі 2-3 банктің қызығушылығы Қазақстан халқының қамына қарағанда басым болып тұр.