Олар: Берік Әбдірахманов (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычко (+91 кг).
Бұған дейінгі сайыста өз бағын сынаған алты боксшымыз түгел жұбын жазбай 1/8 финалға шыққан болатын. Атап айтқанда дүйсенбі күні олардың бесеуі, яғни Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91 кг) өздерінің екінші кездесуін өткізетін болады. Ал сейсенбі күні Илияс Сүлейменов (52 кг) жарыс көрігін қыздырмақ.