Атап айтқанда Берік Әбдірахманов (60 кг) пуэрто рикалық Ланиелито де ла Росаны 2:1, ал Данияр Елеусінов (69 кг) Багам аралының өкілі Вах Карлды, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) фин Вилли Хукканенді 3:0 есебімен ұтты.
Бүгін Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91 кг) өздерінің екінші кездесуін, яғни 1/8 финалдық ойындарын өткізеді. Олардың қарсыластары өзбекстандық Хасанбой Дусматов (49 кг) Рустам Тулаганов (91 кг), қырғызстандық Өмірбек Малабеков (56 кг), доминикандық Карлос Адамес (64 кг), мексикалық Жуан Меркадо (75 кг) болмақ.