Антитеррористік топтардың орналасқан орны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Антитеррористік топтардың орналасқан орны анықталды

Антитеррористік топтардың орналасқан орны анықталды

Астанада антитеррористік топтардың мекен-жайлары бекітілді. Енді лаңкестік актілер орын алған жағдайда қала тұрғындары тегін заң көмегін ала алады. Бұл туралы елордалық Әділет департаментіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

  • 21 Қазан 2013
  • 329
Фото - Caravan.kz


«Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 «Терроризмге қарсы комиссиялар бойынша үлгілік ережені бекіту туралы» Жарлығын орындау мақсатында Астана қаласы Әділет департаментімен терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға қажетті тегін құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру топтары құрылды. Оның құрамына Нотариалдық палатаның, Бағалаушылар палатасының, Адвокаттық алқа өкілдері, сонымен қатар, Астана қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері кіреді»,- делінген ведомство хабарламасында.