Бүгін олимпиада алауын «Байқоңырға» жеткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін олимпиада алауын «Байқоңырға» жеткізеді

Бүгін олимпиада алауын «Байқоңырға» жеткізеді

21 қазан күні Сочи - 2014 олимпиада алауының эстафетасы бір күнге тоқтайды. Ол уақытта, яғни бүгін олимпиада алауы халықаралық ғарыш стансасына жаңа экспедиция экипажымен «Байқоңыр» ғарыш айлағына Ан-12 жүк ұшағымен жеткізіледі және ¹254 алаңында «тазалық бөлмесіне» орналастырылады. Кейін алау «Союз ТМА -11М» ұшқышты корабліне салынады. Онымен жаңа экспедиция іске қосылған күні халықаралық ғарыш стансасына аттанады, деп хабарлайды sport-express.ru сайтынан.

  • 21 Қазан 2013
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Союз» пилотты ұшағының ХҒС-ға жаңа экипажбен іске қосылуы 7 қарашаға жоспарланған. Экипаждың құрамында Ресейғарышының ғарышкері Михаил Тюрин, НАСА астронавты Ричард Мастраккио мен жапон ғарыш агенттігінің астронавты Коити Ваката бар.

Олимпиада алауын ашық ғарышқа ХҒС бортынан қазір стансадағы ғарышкерлер Олег Котов пен Сергей Рязанский 9 қараша күні алып шығады.