Әйгерім Қожахан «Әлем аруы-2013» байқауында Қазақстан намысын қорғамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйгерім Қожахан «Әлем аруы-2013» байқауында Қазақстан намысын қорғамақ

Әйгерім Қожахан «Әлем аруы-2013» байқауында Қазақстан намысын қорғамақ

Алматылық ару Әйгерім Қожахан «Әлем аруы-2013» байқауында Қазақстан намысын қорғамақ. Жер жүзінің ең көрікті қыздары бақ сынасатын бұл дода биыл 9-шы қарашада Ресейде өтеді.

  • 22 Қазан 2013
  • 412
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы сайысқа «Қазақстан аруы-2012» атағын жеңіп алған 22 жастағы Жазира Нұрымбетова баруы тиіс болатын. Бірақ бойжеткеннің оған қатысуына отандық байқау кедергі келтірген. Нақтырақ айтсақ, биыл «Әлем аруы» мен «Қазақстан ауруы» бір күнге, яғни 9-шы қарашаға қатар түсіп отыр. Ал елдегі сайыста Жазира өз қолымен хас сұлу тәжісін келесі аруға кигізуі тиіс. Сондықтан ұйымдастырушылар әлемдік сұлулар жарасына биыл 18 жастағы Әйгерім Қожаханды жіберуді ұйғарған. Ал өз кезегінде алматылық ару қолына түскен тосын бақты ұтымды пайдаланып, қазақ қыздарының көріктілік жағынан ешкімнен кенде емес екенін Мәскеу төрінде дәлелдеп қайтпақ.


Әйгерім Қожахан, «Алматы ару-2013» байқауының жеңімпазы:

— Мен «Әлем аруы» байқауына қатысатынымды екі күн бұрын білдім. Әрине, өте қатты қуандым. Себебі мен «Алматы аруы» байқауын жеңгеннен кейін, «Қазақстан ару-2013»- ке дайындалған едім.