Францияда ислам орталығы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда ислам орталығы ашылады

Францияда ислам орталығы ашылады

Көп ұзамай кәрі құрлықтың қақ төріндегі Страсбург қаласында имамдар дайындайтын университет қалашығының пайда болатыны туралы хабар таратылды.

  • 22 Қазан 2013
  • 264
Фото - Caravan.kz

Muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш оқу ордасында араб тілі мен қасиетті Құранды бес жыл оқытып, жергілікті жамағаттың ілімін ұштайды. Сондай-ақ, дінтану мамандарын даярлау осы кешеннің аясында жұмыс істейтін орта мектеп қабырғасынан басталады. Жасөспірімдер қасиетті Құранның негізгі үкімдері мен араб тілін меңгереді.

Аталмыш кешеннің құрылысын мұсылман елдері қаржыландырады. Жоба құрылысына осы уақытқа дейін 15 млн. еуро инвестиция құйылған. Мұның бәрі жас ұрпақтың бойына ислам құндылықтарын сіңіріп, имамдарын беделін арттыру үшін қолға алынып отыр.