Франция АҚШ-тан тыңшылық фактілері бойынша түсініктемені күтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция АҚШ-тан тыңшылық фактілері бойынша түсініктемені күтуде

Франция АҚШ-тан тыңшылық фактілері бойынша түсініктемені күтуде

Франция өзінің азаматтарының миллиондаған телефон қоңырауларын тыңдау бойынша АҚШ тарапынан түсініктемені талап етті. Осы факті жайында бұдан бұрын Le Monde газеті хабарлаған еді.

  • 22 Қазан 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар газеттің хабарлауынша, бұл басылымға Эдвард Сноуден берген құжаттар тапсырылған. Онда АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) жылдың басындағы бір айдың ішінде 70 миллионнан астам телефон байланыстарын тыңдағандығы көрсетілген.

Францияның Ішкі істер министрі Манюэль Валльс ҰҚА-ның бұл іс-қимылдарын сынға алды.


Осыған байланысты Франция Сыртқы істер министрлігі Париждегі АҚШ елшісі Чарльз Ривкинді шақыртты.