Хан Абылайға ескерткіш орнатылды - Ақмола облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хан Абылайға ескерткіш орнатылды - Ақмола облысы

Хан Абылайға ескерткіш орнатылды - Ақмола облысы

Ақмола облысының Егіндікөл ауылында даңқты қолбасшы Хан Абылайға ескерткіш орнатылды.

  • 22 Қазан 2013
  • 456
Фото - Caravan.kz

Биіктігі 3,5 метр болатын ескерткіш мрамордан жасалған. Ескерткіштің авторы танымал сәулетші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мәлік Жүнісов пен сәулетші Амагелді Байғатаров.

Ескерткіштің еңсе көтеруіне жергілікті кәсіпкер Әбілқайыр Ошақбаев демеушілік көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Көкше өңірінде Хан Абылайдың 300 жылдығы тойланып, айтулы шаралар өткен болатын. Ал, Егіндікөл ауылындағы осы ескерткіштің ашылуы сол шаралардың жалғасы болып табылады, деп хабарлайды Baq.kz.